“Ботай. Ғайып ғалам” фильмі таспалану үстінде. Қазіргі таңда түсірілім тобы шытырман оқиғаға негізделген кинотуындыны Ботай арт-галереясы локациясында түсіріп жатыр. Бұл бөлімде біздің арна тілшісі Қазақстанға аты танымал профессор Анатолий Плешаковтан сұхбат алатын болады.
ЕРКЕБҰЛАН ӘЛІМЖАНОВ, фильм сценарисі, редактор:
— Ботай арт-галереясында. “Ботай.Ғайып ғалам” фильмінің соңғы сахналары таспаланып жатыр. Мұнда Анатолий Плешаков және бас кейіпкерлер жолығатын болады.
Түсірілім тобының сөзінше, Петропавлда олар шілде айының ортасына дейін болмақ. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары да, таспалау барысы да ойдағыдай жүзеге асып жатыр.
ЕРКЕБҰЛАН ӘЛІМЖАНОВ, фильм сценарисі, редактор:
— Біз фильмді бірінші сахнадан бастап соңына дейін хронологиялық тұрғыда түсірмейміз. Бізде барлығы локацияға байланысты. Егер 1 локацияға бірнеше сахна байланған болса, барлығын сол жерде түсіреді.
Айта кетейік, алдағы уақытта түсірілім тобы фильмнің жалғасын теріскейдегі өзге аудандарда таспалайтын болады.
Ұлан Ыдырыс