Өңір полицейлері мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп, заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топты құрықтады. Петропавл мен Астана қалаларында ұсталған күдіктілер шетелдіктер үшін жалған медициналық анықтамалар мен тұруға рұқсат беретін құжаттар дайындаған. «Заңсыз келуші» операциясы барысында осы топтың көмегімен елде заңсыз жұмыс істеп жүрген 70-тен астам шетел азаматы анықталды. Тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын сақтау – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін атап өтті.