Экология

Қызылжар ауданында “Таза бейсенбілік” акциясы өтті

Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында “Таза бейсенбілік” акциясы өтті. Шараға қатысушы аудан белсенділері елдімекендегі ойын алаңын күл-қоқыстан тазартты. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа. Себебі, аумаққа күн сайын ондаған бала келеді, асыр салып ойнайды. Оларға бар жағдай жасалуы тиіс. Бұны жерлестеріміз жақсы түсінеді. Игі іске ауылдық округ әкімдігінің өкілдері де қатысты. Олар арнайы құрылғымен жүруге кедергі келтірген шөпті шапты.

ДӘУРЕН РАМАЗАНОВ, Прибрежное ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:

— Жыл басынан 70 тоннадан астам қоқыс шығардық. Тепличное ауылында 400-ден астам үй бар. Онда 800-ге жуық адам тұрады.

Қызылжарлықтар ойын алаңымен қатар, ауыл көшелерін де жинады. Қоқыс бірден техникаға тиеліп, арнайы аумаққа төгілді. Белсенділер елдімекен ішінің әрдайым таза болғанын қалайды. Тұрғындарды экологиялық акциялардан қалмауға шақырады.

ГҮЛЖИХАН БӘШІМОВА, Қызылжар аудандық жастар ресурстық орталығының консультанты:

— Экологиялық акциялардан қалмаймыз. Жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Жаднамалар таратамыз. Соңғы жылдары ауданымыз әжептәуір тазарған. Тазалық өзімізден басталады.

Айта кету керек, жыл басынан бері Қызылжар ауданында “Таза Қазақстан” акциясы аясында 20-тан астам сенбілік пен бейсенбілік ұйымдастырылған. Тазалық шараларының арқасында 60 мың тонна қоқыс шығарылыпты.

Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында “Таза бейсенбілік” акциясы өтті. Шараға қатысушы аудан белсенділері елдімекендегі ойын алаңын күл-қоқыстан тазартты. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа. Себебі, аумаққа күн сайын ондаған бала келеді, асыр салып ойнайды. Оларға бар жағдай жасалуы тиіс. Бұны жерлестеріміз жақсы түсінеді.

Игі іске ауылдық округ әкімдігінің өкілдері де қатысты. Олар арнайы құрылғымен жүруге кедергі келтірген шөпті шапты.

Нұрасыл Ахмет