Ер түріктің бесігі саналатын Түркістанда VIII Халық ойындары басталады. Республикалық деңгейдегі дәстүрлі дода қазақ күресі, қол күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, үстел теннисі, гір спорты, волейбол, футзал, баскетбол сынды спорттың 11 түрін қамтиды. Мықтылардың бәсекесінде өңір намысын 100-ден астам спортшы қорғайды. Жерлестеріміздің алды киелі мекенге жетіп үлгерді. Ертең төрешілер кеңесі өтпек. Ал сенбі күні жарыс бастау алады. Сайыстар маусымның 20-шы жұлдызына дейін жалғасады. Қоса кету қажет, былтырғы Халық ойындарын Қостанай облысы қабылдаған еді.