Астаналық жігіт арам ойын жүзеге асыру үшін Петропавлға келген. Облыс орталығында есірткі таратты деген күдікпен елордалық ер адам ұсталды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол қаламызда зиянды заттарды жасырын орындарға қалдырып кетіп отырған. Жалдамалы пәтерде жүргізілген тінту барысында полицейлер ұнтақ тәрізді зат салынған 30 ораманы тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – 5,55 грамм «тұз» бен 29,21 грамм «мефедрон». Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.