Құқық қорғау органдары

СҚО-да зейнеткердің 7 млн теңгесін елден шығарған 3 дроппер анықталды

Зейнеткердің қомақты қаржысын елден шығарған 3 дроппер анықталды. Петропавлда полицияға интернет-алаяқтардың құрбаны болған 77 жастағы тұрғын жүгінген. Ол Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған инвестиция арқылы қомақты табыс табу туралы жарнамаға сеніп, сілтеме арқылы өтіп, байланыс деректерін қалдырған екен. Кейін алаяқтар қариямен хабарласып, жинаған 7 млн теңгеден астам қаржысын иемденген. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің ақшасын елден шығаруға пайдаланылған шот иелері — 3 дропперді анықтады. Әйелдің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен олардан келтірілген шығынды өндіріп алуға мүмкіндігі бар. Полицейлер азаматтарды егде жастағы туыстары мен жақындарын интернет-алаяқтық қаупі туралы ескерту қажеттігін қаперге салады.