Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Петропавлда “Жастар есірткіге қарсы” акциясы өтті. Шараға белсенді қыз-жігіттер мен еріктілер қатысты. Олар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулық жағдайларын бағалады. Кейін спорттық жаттығулар жасап, күштері мен төзімділіктерін сынады.
МҰСА ӘУБӘКІРОВ, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:
— Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына шақыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және есірткі, алкоголь денсаулыққа зиян екенін түсіндіру.
Петропавлда жастар үлгі алатын жандар жетерлік. Егер арамызда мұндай тұрғындардың саны артса, нашақорлықтың ауылы алыстайтыны сөзсіз.
КИРИЛЛ КАРАМБА, қатысушы:
— Мен – спорты сүйетін адаммын. “Жастар есірткіге қарсы” акциясына қатысуға бірден келістім. Қазір спортпен шұғылдануға, сүйікті іспен айналысуға, жақсы достар табуға мүмкіндіктер жетерлік. Әрдайым қыз-жігіттерге есірткінің денсаулыққа зиян екенін түсіндіруге тырысамыз.
Ұлт саулығына үндейтін акцияға 50-ден астан адам қатысты. Статистикаға сүйенсек, биыл облыста есіркіге қатысты 124 құқық бұзушылық тіркелген. Пайда табуды, сананы улауды көздейтіндерден 14 келі зиянды зат тәркіленіпті. 2 жасырын зертхана әшкереленді және өңірге есірткі жеткізумен айналысқан 10 бірдей арнаның жолы кесілген.