Қазіргі таңда Петропавлдағы Пестрое көлінің маңына экопарк салынуда. Бүгінде аумақ толығымен абаттандырылған. Жүздеген жасыл желек егіліп, бірнеше ойын алаңдары орнатылыпты. Тұрғындар суға түсіп, таза ауада серуендей алады. Бір сөзбен айтқанда, асыр салып ойнауға, күйбің тіршіліктен кейін тынығуға таптырмас орын. Жағалауда жүрген жандар да бұл сөзімізді растап отыр.
Экопарктің құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғындар спорттың бірнеше түрімен айналыса алады. Бірегей жобаның құны – 2 млрд 800 млн теңге. Алдағы уақытта аумаққа 520 көлікке арналған автотұрақ салынады. 200-ге жуық жарықшам орнатылмақ. Сонымен қатар, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құтқару бекеті сатып алынады. Айта кету керек, заманауи әрі жайлы демалыс орны 2028 жылы ашылады.