Петропавлда “Таза Қазақстан” шарасы аясында саябақтар жиналды. Бұл шара тек тазалық қана емес, нағыз бірліктің алаңына айналды. Үлкен де, кіші де, мемлекеттік қызметші де, кәсіпкер де, қаланың қарапайым тұрғындары – барлығы білек сыбана іске кіріскен. Шараға қатысушылар аумақты жинай жүріп өз ойларымен бөлісті. Табиғат жанашырларының ұстанымы айқын – айналаны таза ұстау.Осы істерімен жас ұрпаққа үлгі болу.
БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
— Тазалық жұмыстары қаламыздың барлық скверлерін қамтыған. Қала бойынша 50-ден астам сквер бар. Аталған орындарда мемлекеттік мекеме, кәсіпорын қызметкерлері аумақты тазалау, қоқыс шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сенбілікке барлығы – 400-ден астам адам қатысты. Сенбілік барысында жиналған 4 тоннадан астам қоқыс полигонға жеткізілді.
Жангельді Жамалиев