“Қызылжар” футбол клубы 14 күннің ішінде 4 маңызды матч өткізеді. Жерлестерімізді маусым айында тек азулы қарсыластар күтіп тұр. Теріскейлік теңбіл доп шеберлері маусымның 13-і күні сырт алаңда қостанайлық “Тобылмен” бақ сынасады. Содан соң Алматыға қонаққа барып, ел чемпионы “Қайратқа” қарсы тұрады. Ойын 17-ші маусымға жоспарланған. Кейін онтүстікастаналықтар Петропавлға қонаққа келеді. Тартысты матч 21-маусым күні “Қарасай” стадионында өтеді. Ойын кешкі 6-да басталады. “Қызылжар” футбол клубы аталған айды семейлік “Елімайға” қарсы матчпен түйіндейді. Айта кету керек, қазіргі таңда теріскейлік ұжым турнирлік кестеде 15 ұпаймен 9-шы орында тұр.