Экология

Экология департаментінің зертханасында жастарға арналып экскурсия ұйымдастырылды

Бүгін – Экологтар мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Осыған орай облыс орталығында жастарға арналған “Жасыл маршрут: экологиялық қалаға жол” атты іс-шара өтті. Студенттер мен оқушылар экология департаментінің зертханасына барып, мамандардың жұмысымен танысты. Ауа мен судың сапасы міне осында тексеріледі. Сынамаға талдау жүргізіліп, қорытындысы шығарылады. Зерттеу жұмысы заманауи қондырғының көмегімен атқарылады. Қиын да қызықты процесс
білімге құмар жастардың қызығушылығын тудырды. Олар мамандарға сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Экскурсия соңында қоршаған орта мен экология туралы викторина ойыны өткізілді. Жауабын дұрыс тапқан жанға сыйлық берілді.

МАКСИМ ПАСКЕВИЧ, оқушы:

— Мен болашақта геодезист болғым келеді. Мұндай іс-шара мен үшін өте пайдалы. Бүгін эколог мамандарының жұмысымен жіті танысып, қаламыздың экологиясы жайлы мол ақпарат алдық.