Елордада жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектері Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан офицерлік погондар алды. Салтанатты түрде ортаға шақырылғандардың арасында Петропавлдағы Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары да болды. Айта кетерлік жайт, қатарының алды бола білген түлектерге биыл алғаш рет бірден “аға лейтенант” шені табысталды.
НЫШАНБЕК ҒАЛАМАТ, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясының курсанты:
— Біз – оқуда үздік болғаны үшін бірден аға лейтенант шенін иеленген алғашқы түлектерміз. Ал оны Президенттен алу – екі есе абырой! Бұл жетістікке жетуге ықпал еткен Академия басшылығына, профессор-оқытушылар құрамына және командирлеріме ризашылығымды білдіремін.
Биыл Ұлттық ұлан Академиясын 140-тан астам курсант тәмамдайды. Оқуда үздік 16 түлек қызыл дипломға ие болмақ. Оларға алғаш рет “аға лейтенант” әскери шені беріледі.