СҚО әкімдігі

ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов облыс тұрғындарымен кездесті

Өңірге жұмыс сапарымен келген Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов облыс тұрғындарымен кездесті. Шараның басты мақсаты – аталған салалардың даму қарқынын баяндап, өзекті мәселелерді талқылау. Қанат Жұмабайұлының сөзінше, елімізде 3 мыңнан астам мерзімді басылым, 250-ге жуық телеарна және 1400-ден астам ақпараттық агенттік жұмыс істейді. Соңғы жылдары БАҚ өкілдерін қолдауға арналған түрлі заң жобасы дайындалыпты. Сонымен қатар, Қанат Ысқақов мәдениет саласында да ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі:

— Елімізде 12 мыңнан астам тарихи және мәдени нысан бар. Оның 600-і теріскейде орналасқан. Тарихи деректер тұрғындарға қолжетімді болуы үшін “E-Архив” жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде мемлекеттік органдардың 3 млн 300 мыңнан астам құжаты цифрлық форматқа көшірілді.

Атқарылған және атқарылатын жұмыстар баяндалғаннан кейін тұрғындар Қанат Ысқақовқа өз сұрақтарын қоя алды. Кейін ол азаматтарды жеке қабылдап, БАҚ өкілдерімен тілдесті.