Қоғам

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Петропавлда “Қазақстан зорлық-зомбылықсыз” республикалық акциясы аясында “Мейірім мен достық” атты іс-шара ұйымдастырылды. Аты айтып тұрғандай, бұл басқосу бейбітшілік пен адамдар арасында сыйластықты насихаттауға бағытталған. Кездесуге жастар, оқушылар мен кішкентай балалар қатысты.

ДАМИР ӘБДИН, Петропавл қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы:

— Бүгін балалар үшін түрлі ойындар мен байқаулар өткізудеміз. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар, тұрғындарға ақпараттық қағаздар таратамыз. Іс-шараның басты мақсаты – халыққа зорлық-зомбылықтың не екенін түсіндіріп, оның алдын алу жолдары туралы ақпарат беру. Әр адам жайсыз жағдайларға тап болмай, өз құқықтарын білуі маңызды.

Іс-шара барысында қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Балалар бірлік пен достықтың маңызын көрсететін қызықты байқауларға қатысты, ерекше әсер алды.

ӘСЕМ ІЛИЯСОВА, қалалық ПБ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы:

— Қазақстан зорлық-зомбылықсыз” республикалық акциясы аясындағы шараға мұрындық болып отырмыз. Қазіргі таңда ешкім қысымның, күш көрсетудің құрбаны болмауы тиіс. Қатысушылардың қолында қызғылт-сары түсті шарлар бар. Бұл – әлемдегі бейбітшіліктің символы. Бастаманың негізгі мақсаты – қоғамның назарын балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселесіне аудару.

Егер балалар, аналар отбасында қысым көрсе қайда хабарласады? Тәртіп сақшылары осы жайлы айты. Мұндай кезде полиция көмек қолын созуға дайын.