Ауыл шаруашылығы

Өңірде көктемгі егіс жұмыстарының 95% атқарылды

Өңірде көктемгі егіс науқаны қарқынды түрде жүріп жатыр. Бүгінде облыстағы егіс алқаптарында 12 мың техника күн-түн демей жүйткіп жүр. Соның арқасында теріскейлік диқандар топыраққа дән сіңіру жұмыстарын аяқтауға шақ қалды. Олар белгіленген жоспардың 95 пайызын орындаған. Диқандар 3 млн 881 мың гектарға дәнді дақыл сепкен. Сонымен қатар, 2 мың 717 гектарға дәнді-бұршақты әрі 934 мың гектар жерге майлы дақыл тұқымын сіңірген. Айта кетейік, биыл өңір диқандары 59 мың тонна арзандатылған жанар-жағармаймен және 360 мың тонна тыңайтқышпен қамтамасыз етілген.