Мәдениет

Өнер ордасында 139-шы маусымның шымылдығы жабылды

Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында 139-шы маусымның шымылдығы жабылды. Биылғы маусым әдеттегідей жемісті болды. 9 айдың ішінде солтүстікқазақстандық сахна саңлақтары көрермен қауымға 5 бірдей жаңа қойылым ұсынды. Қорытынды кеште әйгілі орыс жазушысы Антон Чеховтың “Қалжың” шығармасының желісі бойынша әзірлеген премьера көрсетілді. Залды лық толтырған өнерсүйер қауым ерекше әсер алды, актерлерге жоғары баға берді. Енді теріскейлік таланттар мерейтойлық маусымға дайындалмақ.

ПАВЕЛ РАЩУПКИН, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры әдеби бөлімінің меңгерушісі:

— Осы маусымда біз көрерменге «Ақымақтар» спектаклін ұсындық, жаңажылдық «Алладин» қойылымын әзірлеп, балалардың көңілін көтердік. Әрмен қарай еңбек етуге дайынбыз. Келесі маусым – тарихи маусым. Ол есте қалу үшін таңдай қақтырарлық туындыларды тарту етуіміз керек. Көрерменді асыға күтеміз!