Қызылжар ауданында “Халық заңгері” акциясы өтті. Шара “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Жиында жұртшылықтың мәселесі қаралып, шешу жолдары талқыланды.
ҚАЙСАР ӘБІШЕВ, Қызылжар ауданының прокуроры:
— Шара барысында барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдары тұрғындардың сұрағына жауап береді, мәселелерін шешуге тырысады.
Акцияда аудан әкімі, жергілікті әкімдік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сонымен қатар, ТЖБ мамандары тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Шарада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша мәселелер көп қозғалды. Сондай-ақ, жұмыссыздық, қаңғыбас иттер және білім саласына қатысты түйткілдер қаузалды. Әр сұрақ бойынша азаматтарға тиісті көмек көрсетілді, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ҚУАТ ҚАБДУЛЛОВ, Бәйтерек ауылының тұрғыны:
— Мен теріскейге оңтүстік көшіп келдім. Қазіргі таңда жалдамалы үйде тұрып жатырмын. Баспананы өз атыма түсіргім келеді. Жергілікті әкімдік өкілдері мәселе өз шешімін табатынын жеткізді.
Айта кету керек, бұл күні “Халық заңгері” акциясы өңіріміздің әр ауданында өтті.