Петропавлда жас жол инспекторларының облыстық сайысы өтті. Байқауға аудандық және қалалық кезеңде үздік деп танылған 100-ге жуық оқушы қатысты. Шараның басты мақсаты – оқушылардың жол қауіпсіздігіне қатысты білімін арттыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сайыстар балалардың тәртіпке бейімделуіне және жол-көлік оқиғаларының алдын алуына ықпал етеді.
АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
— Барлық топтар өздерінің біліктілігін көрсетуде. Бұл сайыста жол ережесін білу және алғашқы медициналық көмек көрсету, велосипедпен жүру сияқты өнерлері бар. Ең үздіктері бізде медальдармен және құнды сыйлықтармен марапатталатын болады.
РАЯНА ПЕРНЕБЕК, оқушы, Ғ.Мүсірепов ауданы:
— Жарыс маған ұнады. Бұл жарысқа дайындалғанымызға өте көп уақыт болды. Ауданға барып 1-ші орын алғаннан кейін осы облыстық сайысқа келдік.