Мәдениет

Петропавлда отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған этнофестиваль өтті

Петропавлда отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған этнофестиваль өтті. Шара “Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” айлығы аясында ұйымдастырылды. Тағылымы мол жиында ұлттық өнерімізге де баса назар аударылды.

НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, “Qyzyljar” креатив орталығының директоры:

— Шарада өңірге танымал әншілер өнер көрсетеді. Ұлттық киімдерді дәріптеу мақсатында этнокөрсетілім де дайындадық. Сонымен қатар, жас таланттарымыз домбырада ойнап, бишілеріміз би билейді. Бүгінгі шараға көрермен ретінде 30-ға жуық жанұяны шақырдық. Оларға тәртіп сақшылары түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Этнофестиваль аясында көрме қанат жайды. Көпшілік назарына ұлттық киім, аспаптарымыз бен бұйымдарымыз ұсынылды. Қала тұрғыны Марат Шахмұратов -74 жаста. Өнер саласында жүргеніне 60 жылға жуықтаған. Зейнеткер 20-дан астам аспаптың құлағында ойнайды. Жастарға бар білгенін үйреткісі келеді.

МАРАТ ШАХМҰРАТОВ, қала тұрғыны:

— Саз сырнайды үнін естіген кезде кез келген адамның жүрегі елжірейді. Алматыда Роза Бағлановамен жұмыс істедім.

Шара аясында түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Дараланғандарына қомақты ақшалай сыйлықтар табысталды. Айта кету керек, этнофестиваль қас қарайғанша дейін жалғасады.

Нұрасыл Ахмет