Қоғам

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш маңы жиналды

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Петропавлда ауқымды экологиялық акция өтті. Оның барысында тағдырдың тәлкегін көрген жандар үшін тұрғызылған ескерткіш маңы жиналды. Үлкен де, кіші де бар. Барлығы тарихқа құрметпен қарайды.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, қоғам белсендісі:

— Өткен ғасырдың 30-50 жылдары ауыр саясаттың болғанын бәріміз білеміз. Ескерткіш маңын жинаудамыз. Құрбан болған ата-бабаларымызды еске алудамыз.

Шараның басында тарихқа шолу жасалды, ауыр күндер еске түсті. Кейін қатысушылар тырма, күрек, сыпырғыш алып, аумақты тазалауға кірісті. Көп уақыт өтпей бейберекет өскен шөп жұлынды, қоқыс тырналды және сыпырылды. Дейінгі және кейінгі көріністе айтарлықтай өзгеріс бар.

АРАМ, шараға қатысушы:

— Біз осындай қасиетті орындарды таза ұстауымыз керек. Ал тазалық шарасының басы-қасында жастардың жүргені міндетті. Экология – біздің өміріміздің маңызды бөлігі. Осындай акциялар мұны айқын көрсетеді.

Еске салайық, мамырдың 31-ші жұлдызы – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.