ҚоғамМәдениет

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев әлеуметтік және мәдени нысандарды аралады

Өңірге жұмысқа сапарымен Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев келді. Ол аймақ басшысының орынбасары Жүсіп Жұмағұлов және жаңадан тағайындалған облыс прокуроры Ержан Дүйсекеновпен бірге Петропавлдағы әлеуметтік және мәдени мекемелерді аралады. Алғашқы нысан – “Жас өркен” ықшам ауданындағы балабақша. Жоба құны 2 млрд теңгеге жуықтайды. Қаражат сыртқа заңсыз шығарылып, прокуратураның ықпалымен мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен бөлінген. Тәлім мен тәрбие ордасы 280 орынға шақталған. Балабақша 2 жастан 6 жасқа дейін балалар білім алады. Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме 80 пайызға толық. Ғимарат келген меймандардың көңілінен шықты. Ғалымжан Қойгелдиев барған келесі нысан “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде болды. Мұндай келген меймандарға арнап экскурсия жүргізілді. Тарихи деректер айтылып, құнды жәдігерлер көрсетілді.

ЖҰЛДЫЗ БҰЛҒЫМБАЕВА, “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің экскурсия жүргізушісі:

— Жоңғар шапқыншылығы кезінде Әбілмансұрдың әкесі Уәли қаза табады. Жоңғарлар оның ұрпақтарын түгелімен жойып жібергісі келеді. Барлығын шетінен қырды. Арасынан Абылай ғана тірі қалды.

Айта кету керек, көне ғимарат 2008 жылы жаңғыртылған. Музейде 4 экспозициялық зал бар. Бір бөлмесінде Абылайдың 1711 жылдан 1770 жылдарға дейінгі өмір кезеңі қамтылған.

Нұрасыл Ахмет