Қоғам

Зорлық-зомбылықтың алдын алу

“Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында өңір тәртіп сақшылары профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда. Бұл жолы полицейлер Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжіне келді. Талқыға салынған тақырып – отбасылық зорлық-зомбылық және сталкинг. Соңғысы ел құлағына жеткеніне көп болмады. Оның қаупін инспектор түсіндірді.

МАЛИКА ЗАХРИМАНОВА, СҚО ПД отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімінің инспекторы:

— Қазіргі қозғалып жатқан тақырып – сталкинг. Сталкинг адам өміріне қауіпті қудалаудың түрлеріне жатады. Сталкингке ұрынған азаматтар ең алдымен өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

Сталкингке ұрынған адам қалай қорғанады? Не істеу керек? Мамандар әр бағытқа тоқталды, әр сұраққа жауап берді. Кездесуге қатысқан студенттер іс-шарадан пайдалы ақпарат алды.

ВЛАДИМИР БОНДАРЕНКО, студент:

— Осы сынды іс-шаралар жиі өткізілуі керек деп санаймын. Бүгінгі кездесуден өзіме жаңа ақпарат алдым. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда онымен қалай күресу керектігін үйрендім. Оған қоса қазіргі сталкинг мәселесін де талқыладық.

Сөз соңында сандармен бөлісейік. 2026 жылдың қаңтар айынан бері сталкинг фактісі бойынша өңірде 10 дерек тіркелкен. Оның 4-еуі сотта қаралып, 3-еуі 100 сағат түзеу жұмыстары түріндегі жазаға тартылса, ал 1-еуі 275 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.