Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

Өңірде 16 мың ит-мысық чиптелген

Үйінде ит пен мысық ұстайтын қазақстандықтар енді жануарларды міндетті түрде чиптеп, арнайы базаға тіркеуі қажет. Бұл – жақында ғана қабылданған заң. Бүгінде өңір тұрғындары ортақ талапты орындауда. Ережеге сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бұл рәсім ақысыз негізде жүргізіледі. Ал арнайы тізімге енбегендер ақша төлеп, үй жануаларын тіркейді.

МАДИАН ТЮГУМБАЕВА, СҚО ветеринария басқармасының бас маманы:
— Заңға 2026 жылдың 19-мамырында қол қойылды. Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі 9 мыңға жуық үй жануары тіркелді. Биыл аудандық ветеринариялық станциялар тағы 4 мыңға жуық ит-мысықты чиптеуді көздеп отыр.

Тамара Беляева төрт аяқты досын бауырына басып, чип салғызды. Заманауи белгі көзге көрінбейді, терінің астына енеді. Онда өзінің нөмірі болады. Сол арқылы нендей вакцина қойылғанын көруге, ауруларды тіркеуге, жоғалып, табылған жағдайда иесін анықтауға болады.

ТАМАРА БЕЛЯЕВА, Бескөл ауылының тұрғыны:

— Бұл – менің сыйлығым. “Кузя” деп атаймын. Қасымда жүргеніне 11 жыл болды. 70 жасқа толған кезде жақындарым тарту еткен еді. Үй жануарын жылда дәрігерге тексертіп, дәрісін беріп отырамын. Чиптеуді қолдаймын. Аталған әдіс арқылы бұралқы ит-мысықтардан құтылатын боламыз. Тіршілік иелеріне құрметпеу, жауапкершілікпен қарау қажет. Оларды қараусыз қалдыруға болмайды”.))

Жыл басынан бері Қызылжар ауданында 200-ге жуық ит пен мысық чиптелді. Ал облыста 16 мың үй жануарына чип қойылды. Егер тұлға бұған қарсы болса, оған айыппұл салынады.

 

Ұлан Ыдырыс