Экология

Биыл Тайынша ауданында 9 мыңнан астам көшет егілді

Тайынша ауданында «Таза Қазақстан» шарасы аясында кезекті сенбілік өтті. Бұл күні аудан жұртшылығы қоршаған ортаны ретке келтіруге біркісідей атсалысты. Игі шара шеңберінде тек тазалық қана емес, жаппай жасыл желек егу жұмыстары қатар жүргізілді. Мәселен, көктем келгелі ауданда 6 мыңға жуық көшет отырғызылса, жақында ғана Чкалов ауылында тағы 3 мың түп акация егілген.

ДАСТАН ҚАРБАЕВ, Тайынша ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы:

— Бұл – бірреттік шара емес, жүйелі түрде жүргізіледі. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Көшелерді тазарту, саябақтарды ретке келтіру жұмыстарына тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, ауыл белсенділері, жастар мен еріктілер де ерекше ықыласпен атсалысып жатыр. Әр азамат өз ауласы мен туған өлкесінің тазалығына жауапкершілікпен қарағанда ғана нәтиже болады.