Қоғам

Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Бұл құжат мемлекеттік қызмет моделін одан әрі жаңғыртуға бағытталған.

ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

— Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға және әлеуметтік қорғалуын арттыруға ерекше назар аударылған. Үкімет айқындайтын тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларын үш жылда кемінде бір рет міндетті түрде индекстеу механизмін енгізу көзделеді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты қосымша ақылы демалыс күндерін беру, сондай-ақ, күнтізбелік жыл ішінде қысқа мерзімді ақылы демалыс беру мүмкіндігі көзделеді.

Тағы бір өзгеріс Отан қорғаушыларға қатысты. Бұны мемлекеттік қызметте тер төгіп жүрген әрбір азамат білуі тиіс.

ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

— Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының режиміне байланысты еңбек құқықтарының кепілдіктері бекітілді. Сонымен қатар, әскери қызметке шақырылған жағдайда мемлекеттік қызметшілерге жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі, сондай-ақ әскери қызмет кезеңіне жұмыс орны сақталады.

Заңда мемлекеттік органдарда құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызмет құру көзделген. Қызметтің функциялары тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруды, соттарда мемлекеттік қызметшілердің мүдделерін білдіру мен қорғауды және өзге бағыттарды қамтиды.