Төтеншеліктер ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы адасып кеткен велосипедшілерді тапты. Оқиға желісіне тоқталсақ, Қызылжар ауданындағы Сафонково көлі маңында тоғыз велосипедші Березовка ауылына бара жатып, бағыттарынан жаңылып қалады. Қараңғыда олар елдімекенге апарар жолды өз бетінше таба алмады. 112 нөміріне хабар түскеннен кейін, төтеншеліктер бірден іске кірісті. Мамандар әуеге дрон ұшыру арқылы адасып кеткен жандарды байқаған. Көп ұзамай тоғыз адамның барлығы автожолға шығарылды. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.