Петропавлдағы Бөкетов көшесінің бойында орналасқан саябақта «Тазалық қозғалысы» атты экологиялық квест ойыны өтті. Шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Оған қаладағы колледж студенттері мен ерікті жастар қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай басқосулар жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады.
((БИБІГҮЛ СҰЛТАНОВА, Қоғамдық даму және ақпарат орталығының консультант-сарапшысы:
— Қазіргі уақытта қатысушылар бірнеше тақырыптық станциялардан өтуде. Сонымен қатар, қатысушылар қағаз, пластик және шыны қалдықтарын дұрыс бөлу ережелерін үйренуде. Осындай шаралар жастарға экологиялық мәдениетті ойын форматында үйретіп қана қоймай, оларды тазалық, жауапкершілік және қоршаған ортаға қамқорлық жасауды үйретеді”.))
Бұл жобаның дәстүрлі сенбіліктерден айырмашылығы – жастар мұнда тек еңбек етіп қана қоймай, өзара жарысып, командалық рухты нығайтуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, бұл алаң белсенді қала тұрғындарының басын қосқан жаңа ортаға айналды. Сайыс барысында әр ұжым өзінің шапшаңдығы мен ұйымшылдығын көрсетуге тырысты.
ВЛАДИМИР КРАСИКОВ, студент:
— Алдымен айналаны қоқыстан тазартып, ретке келтірдік. Кейін үш түрлі танымдық станцияны араладық. Бірінші кезеңде командамызбен бірге ребус шешіп, жасырылған жиырма сөзді оңай таптық. Ал екінші станцияда экологиялық маңызы бар тапсырма орындап, жиналған қоқысты пластик, қағаз және шыны деп бөлек-бөлек сұрыптадық.
Айта кету керек, квест соңында белсенділік танытқан барлық топтар арнайы грамота және сыйлықтармен марапатталды.
Жангельді Жамалиев