Алғашқы түлектерін түлеткен білім ұясы! Петропавлдың “Береке” ықшам ауданында орналасқан №29 жалпы білім беретін мектепте соңғы қоңырау соғылды. Өткен қыркүйекте есігін айқара ашқан білім ошағында биыл 786 оқушы тәлім алды. Бүгін соның 16-сы үлкен өмірге қанат қағып отыр. Бұлар – мектептің тарихында қалатын жастар.
СӘУЛЕ ТҰРСЫНОВА, №29 орта мектептің директоры:
— Оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың белсенділігі арқасында оқу жылын жақсы аяқтап шықтық. Жаңа ашылған мектеп болса да үлкен жетістіктерге жеттік. Оқушылар көптеген байқауларда өздерін көрсете білді”, 01:05-01:17 “Түлектеріміздің емтиханды сәтті тапсыруына және қалаған мамандықтарын таңдап түсуіне шын жүректен тілектеспіз!
Ұл-қыздар бір-ақ жыл білім алса да мектепке бауыр басқан, жүздерінде қимастық сезім бар. Салтанатты шараның ең әсерлі сәті – түлектер вальсі. Бойларын қобалжу билеген жастар көпшілік алдында біркісідей билеп шықты. Адема Сабыров – жас түлек. Ол Қозыбаев университетіне түсіп, білім алғысы келеді.
АДЕМА САБЫРОВА, №29 орта мектептің түлегі:
— Осы мектепте бір жыл оқысам да ұстаздарға, сыныптастарыма қатты бауыр басып қалдым. Оларды қатты сағынатын боламын. Бұл жерде достарымызбен бірге жасаған көптеген естеліктеріміз есімде сақталады.
Мектеп тарихында алғашқы қарлығаштар болып енген түлектерді алда үлкен сынақ – Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. Салтанатты шара барысында дүйім жұрт жастарға сәттілік тіледі.
Жаннұр Бектұрғанова