Ауыл шаруашылығы

СҚО-да жыл басынан бері 3 адам бруцеллез жұқтырған

Ауру айтып келмейді. СҚО-да бруцеллезге қатысты эпидемилогиялық ахуал алаңдатып отыр. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының сөзінше, жыл басынан бері өңірде қауіпті инфекцияны 3 адам жұқтырған. Оның екеуі – Шал ақын ауданының тұрғындары. Айта кету керек, аталған ауру малдан жұғады. Алғашқы белгілері шамамен бір айдан кейін байқала бастайды. Адам әлсіреп, тәбеті төмендеп, қатты терлейді. Кейін денсаулығы сыр беріп, буындары ауырады.

ТОЛҚЫН ҚАЖЕНОВА, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

— Шал ақын ауданында әкелі-балалы ересек адамдар мал бағып жүріп, бруцеллез жұқтырған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің жіті бақылауында. Петропавл қаласы тұрғынының бруцеллезді неден жұқтырғаны белгісіз. Себебі, ол көпқабатты баспанада тұрады, мал ұстамайды.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 60-қа жуық мал бруцеллезбен ауырған. Талапқа сай, ауру малдың көзі жойылды. Қора-қопсы толық дезинфекциядан өтті.