Мектеп оқушылары ұзақ күткен жазғы демалыстардың басталуына орай қалалық Мәдениет үйінде “Алақай, демалыс!” атты ауқымды концерт өтті. Сахнада өнер ордасының барлық шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
МҰХАММЕДӘЛИ ИСПАНОВ, қалалық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:
— “Ура, каникулы!” – ол бүгінгі концертпен шектелмейді. Ол – жаз айларында балаларды мерекелік концерпен қамату үшін жасалған бастама. Бүлдіршіндер бос жүрмеу керек. Демалыстың да демалысы бар дегендей, оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлау мақсатымен ұйымдастырылған.
Сахна төрінде әуезді әндер шырқалып, түрлі билер қойылды. Мәселен, “Тұмар” ұжымының бишілері хип-хоп стилінде дайындаған қойылымымен көрерменді тәнті етпек. Қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары балаларға арнап түрлі үйірме мен танымдық шараларды жаз бойы жалғастырмақ.
Жаннұр Бектұрғанова