Kurultai banner mobile

Қоғам

Диқандарға арналған дизель отыны төмен бағамен сатылды

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін солтүстікқазақстандық диқандарға 58 мың тоннадан астам дизель отыны керек. Бұл қажеттілік толығымен жабылады. Қазір жеңілдетілген жанар-жағармайды теріскейліктерге жеткізу ісімен “Эталон Регион” серіктестігі белсенді айналысып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, аймақтағы іскер азаматтар аталған оператордан 10 мың тонна сұйықтық алып үлгеріпті. Шалғайдағы шаруаларды бұрын алаңдатқан жайт – дизель отынын құю бекеттерінің алыстығы. Мәселе шешімін табуда. Ағымдағы жылы жауапты кәсіпорын бірнеше тасымалдау көлігін сатып алған.

МӘДЕН ЖҰМАҒҰЛОВ, “Эталон Регион” ЖШС директоры:

— Биыл егін егу жұмыстарына арналған дизель отынының құны литріне 281 теңге деп белгіленді. Алайда, біз бұдан да төмен бағамен сатудамыз. Егер агроқұрылымдар көп көлемдегі жанар-жағармайға тапсырыс берсе, 275-278 теңгенің аралығында саудалаймыз. Бұл диқандарға қосымша жеңілдік деп білемін. Жауапты науқан қарсаңында техникалық паркіміз сұйықтық тасымалдайтын 20 көлік сатып алды. Бұлар өтінім берген азаматтарға қажетті отынды жеткізіп береді.