Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер кезекті есірткі жеткізушіні құрықтады. Ол Астана қаласының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Елордалық күдікті заңсыз тауардың синтетикалық түрін тасымалдаған. Тінту кезінде күдіктінің қалтасынан 80-нен астам орама тәркіленді. Бұл – 90 грамм мефедрон. Жас жігіттің сөзінше, ол көлденең жолмен небәрі 2 ай табыс тапқан.
РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
— Күдікті Парк көшесінде ұсталды. Ол 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 112 құқық бұзушылық тіркелді, оның 58-і – өткізу фактісі. Есірткінің таралуына қарсы күрес – «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясындағы полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі.