Петропавлда “Өнер көкжалы” анықталды. Қазақ күресінен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған сайысқа сахнаның сәнін келтіріп жүрген жерлестеріміз қатысты. Олардың бір тобы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Бұл топта Ақжар аудандық мәдениет үйінің әншісі Нұрқасым Хасенов қарсылас шақ келтірмеді. Ал 80 келіден жоғары палуандар арасында Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актері Нұрхан Салауатов топ жарды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйақымен марапатталды.