Қоғам

Есілдік қария заңсыз алкоголь сатқан

Есіл ауданында 75 жастағы қария үйінде заңсыз алкоголь өндіріп, сатып келген. Тәртіп сақшылары оның баспанасын тінту кезінде қолдан жасалған самогон аппаратын, алюминий ыдыстар мен 85 литр спиртқұрамды сұйықтық тәркіледі. Ұсынылған дерекке сүйенсек, қарт ақылдан адастыратын өнімді өзінің сенімді адамдарына өткізіп отырған. Олардың үшеуі сатып алу кезінде ұсталды. Барлығы бұған дейін мас күйінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған. Енді заңбұзушыны жауапкершілік күтіп тұр. Жалпы, жыл басынан бері аймақта полицейлер заңсыз айналымнан 5953 литр ішімдікті тәркілепті.