“Заң және тәртіп” тұжырымдамасын ілгерілету аясында Петропавлдағы Тұңғыш Президент саябағында “Заң әрекетте” атты құқықтық квест өтті. Шараның мақсаты – қатысушы колледж студенттерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және заңды құрметтеуге шақыру. Сайысқа бірнеше білім ұясының қыз-жігіттері қатысты. 5 адамнан 5 командаға бөлінген жастар саябақ ішінде жасырылған жұмбақтарды тауып, интерактивті және интеллектуалды тапсырмаларды орындады. Квест қорытындысы бойынша үздік атанған топқа сыйлықтар мен дипломдар табысталады.
АЛМАГҮЛ ҒАББАС, СҚО ІСБ қоғамдық келісім және даму ресурстық орталығының маманы:
— Бүгінгі квест жастардың заң талаптарын жақсырақ түсінуіне ықпал етеді. Ойын барысында студенттер логикалық тапсырмаларды орындап, командалық жұмыс дағдыларын көрсетеді.