Балалар

Петропавлда АИТВ инфекциясына қарсы профилактикалық шара өтті

Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында колледж студенттері арасында білім бәсекесі өтті. «Quiz» сайысы
адамның иммунтапшылық вирусы мен нашақорықтың алдын алу үшін ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы тараптың сөзінше, қазір өңірімізде жұқпалы инфекцияның таралуы қарқыны орташа деңгейдетұр. “Сондықтан, осы сынды профилактикалық түсіндірме жұмыстарын өткізудің маңызы зор”,- дейді мамандар.

ӘСИЯ ШӘРІПОВА, СҚО АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының дәрігер-дерматовенерологы:

— Бұл ойын – жастардың АИТВ туралы білімдерін тексерудің жақсы жолы. Біз жыл бойы көптеген кездесу, дәріс және түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалаймыз.

Жарысқа 6-7 адамнан тұратын 4 түрлі команда қатысты. Ереже қарапайым. Сұрақтарға ең жылдам және дұрыс жауап беретін команда жеңімпаз атанады. Сайыста инфекциясының таралуына, алғашқы белгілеріне және өзге де бағыттағы сауалдар қойылды.

РОМАН МОРОЗОВ, студент:

— Бүгінгі ойын ұнады. Іс-шара әрі пайдалы, әрі қызықты болды. Адамның иммунтапшылық вирусы жайлы көп жаңа ақпар алдық. Бұл – ол өте қауіпті індет. Бірақ, денсаулығыңа жауапкершілікпен қарасаң, бұл қауіптен оңай сақтануға болады.

Іс-шара соңында үздіктерге сыйлықтар мен сертификататр табысталады. Сөз соңында мамандардан аз-кем құлаққағыс! Жұқпалы инфекция көбінесе нашақорлар пайдаланатын ине арқылы таралады екен.

Жаннұр Бектұрғанова