Биыл 1-ші сәуірде 2025 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталған болатын. Осы орайда петропавлдық темір тұлпар иелерінің құлағына алтын сырға, 1-ші маусымнан бастап мемлекеттік алым-төлемге немқұрайлы қараған жандар жауапкершілікке тартылады. Бүгінгі күні шаһарымызда дәл сондай 4300-ден астам азамат бар. Олардың мемлекет алдындағы берешегі 240 млн теңгені құрайды.
НҰРБОЛ ӘЛМУРЗИН, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің бас маманы:
— Барлық борышкер көлік иелерін қарыздарын қысқа мерзімде өтеуге шақырамыз. Бұл көліктерді айыппұл тұрағына қою сияқты салдардың алдын алуға мүмкіндік береді. Биылғы жылдың 1-ші маусымынан бастап барлық борышкерлер бойынша атқарушылық істер жүргізіледі.
Қазіргі күні халық мінетін көліктің көбінде қозғалтқыш көлемі 1,5-2,5 литр аралығында, сол себепті азаматтар жылына 12-25 мың теңге аралығында салық төлеуге міндетті. Ал былтырдан бастап жаңа заң күшіне енбек. Ол бойынша қолданыста 10-20 жылдан бері болған көлік салығы шамамен 30 пайызға азаяды. Бұл кезекте біз темір тұлпар тізгіндеген жұртшылықтың пікірін біліп қайттық. Айта кетейік, Петропавл тұрғындарында көлік салығын есептеу бойынша сұрақтар туындаса, Сүтішев, 56а мекенжайы бойынша ораналасқан қалалық кірістер басқармасына жүгіне алады.
Ұлан Ыдырыс