С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана 500-ден астам жаңа кітаппен толықты. Отандық және шетелдік ақын, жазушылардың еңбектері қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған. Құнды қазына арнайы жайылған көрмеге қойылды. Сиясы әлі кеуіп үлгермеген еңбектерді тұрақты оқырмандар парақтай алды.
ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы:
— Кітаптардың басым бөлігі жергілікті бюджет есебінен алынған. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық академиясының кітапханасы мен музейінен сыйға тартылған туындылар да бар.
Жаңа кітаптармен танысуға бірсыпыра адам келді. Көбі – орта жастағы жерлестеріміз. Бүгінгі күні С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қорында 700 мыңнан астам кітап бар. Оның 200 мыңы – қазақ тіліндегі еңбектер.
Ұлан Ыдырыс