СҚО әкімдігі

Аққайың ауданында мемлекеттік қызметші тапшы

Бұл – Диляра Балташева. Нәзікжанды бір ай бұрын Смирново ауылдық округі әкімдігіне жұмысқа кірген. Жас маман қазіргі күні әкім аппаратының бас маманы міндетін атқарады. Айтуынша, ол мемлекеттік қызметке конкурстан тыс орналасқан.

ДИЛЯРА БАЛТАШЕВА, Смирново ауылдық округі әкімі аппараты бас маманының міндетін атқарушы, Аққайың ауданы:

— ҚР-ның Мемлекеттік қызмет туралы заңының 15-ші бабына сәйкес жоғарғы оқу орнын қызыл дипломмен тәмамдаған ұл-қыздар конкурстан тыс мемлекеттік қызметке орналаса алады. Сол бойынша мен де жұмысқа кірдім.

Аққайың ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Салтанат Жамалиеваның сөзінше, биылғы жылы мемлекеттік қызметке өтетін іріктеу едәуір жеңілдетілген, азаматтар үйінен шықпай-ақ конкурсқа қатысып, жұмысқа орналасуы мүмкін. Сонымен қатар, жоғарғы оқу орнын 3,33 GPA-дан төмен емес бағаға бітірген түлектер конкурсқа қатыспай-ақ мемлекеттік қызметкер атануы мүмкін.

САЛТАНАТ ЖАМАЛИЕВА, Аққайың ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы:

— 1-ші сәуірден бастап мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа кезеңі басталды. Ол бойынша биыл 1 адам жұмысқа орналасты. Өткен жылы аталмыш конкурсқа 5 адам қатысты, олардың барлығы мемлекеттік қызметке тұрды. Бұған қарамастан бізде әлі де бос вакансия саны көп.

Айта кетейік, жалпы жыл басынан бері Аққайың ауданында мемлекеттік қызметке 2 жас маман орналасқан.

Ұлан Ыдырыс