Қоғам

Жәрмеңке нәтижесі: Шал ақын ауданында 22 тұрғын жұмыс тапты

Шал ақын ауданының орталығында жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтуға бағытталған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ауқымды шараға 85-тен астам тұрғын мен аймақтағы 13 ірі жұмыс беруші қатысты. Олар 105-тен астам вакансия ұсынды. Жәрмеңке барысында тұрғындар еңбек нарығын зерделеп, компания өкілдерімен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, Мансап орталығының мамандары қатысушыларға кәсіби бағдар беру және қайта даярлау мәселелері бойынша құқықтық кеңес берді. Нәтижесінде ауданның 22 тұрғыны өзіне лайықты қызмет тауып, екіжақты келісімге қол жеткізді.