Экология

Петропавлда “ClearFest” экомарафоны өтті

Петропавлда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “ClearFest” экологиялық марафоны өтті. Шараға белсенділер, волонтерлер мен студенттер жиналды. Тазалық марафоны Ойқала ықшам ауданында өткізілді. Қатысушылар 6 адамнан құралған 3 командаға бөлініп, 40 минут ішінде барынша көп қоқыс жинау үшін бір-бірімен жарысты.

ЖАДЫРА ЖОЛКЕНОВА, “Жастар рухы” ЖҚ СҚОФ төрайымы:

— Ойқала ықшам ауданында тазалық мәселесі бар екенін байқадық. Осы аумақты таңдап, тұрғындарға көмектесуді жөн көрдік”, 01:08 “Мұндай экологиялық бастамалар маңызды. Себебі, қазір көктем мезгілі, қыстан қалған қоқысты жинастыру қажет. Барша тұрғындарды осындай акцияларға қатысуға шақырамыз!

Экомарафон басталған сәттен-ақ жастар іске білек сыбана кірісті. Студенттердің арасында мұндай іс-шараға алғаш келгендер де, тұрақты түрде қатысып жүргендер де бар.

ШЫҢҒЫС СӘРСІМОВ, шараға қатысушы:

— Тобыммен бірге жинастыруға барынша атсалысамыз. Мен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғарғы колледжінен келіп тұрмын. Осындай шараларға жиі қатысамын”,”Қаланың таза болғанын қалаймын.

Шара соңында жиналған қоқыс таразыға тартылып, жеңімпаздар анықталады. Ең көп қоқыс жинаған топқа құлаққаптар және пауэрбанк секілді сыйлықтар табысталады.

Жаннұр Бектұрғанова