Ауыл шаруашылығы

Өңір бренді: «Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері анықталды

Теріскейде өткен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері анықталды. “Dostyq Mall” сауда орталығында өткен шараға аймақтың түкпір-түкпірінен келген 42 кәсіпкер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Олардың ішінен оқ бойы озық шыққан 20 жоба иесі екінші кезеңге жолдама алды. Енді жартылай финалистер өңірлік бренд-комитетінің алдында өз ісін қорғап шығуы тиіс. Осы сыннан өткен 10 жеңімпаз облыс атынан республикалық додада бақ сынайды. Сондай-ақ, үздіктер бизнесті дамытуға арналған 5 млн теңге грантқа таласу мүмкіндігін иеленбек. Айта кету керек, Жапониядан бастау алған бұл концепция жергілікті шикізаттан бәсекеге қабілетті отандық өнім қалыптастыруды көздейді.