Спорт

“Қызылжар” ФК тағы да жеңілді

Жергілікті футболшылар тағы да жерге қаратты! Петропавлдық “Қызылжар” ел біріншілігінің кезекті туры аясында жеңіліс тапты. Бұл жолы теріскейліктер өскемендік “Алтайға” “тіс батыра” алмады. “Қарасай” стадионында өткен матч 1 де 2 есебімен аяқталды. Кездесудегі голдар ойынның соңына таман соғылды. Есепті 84-ші минутта қонақтар ашты. Араға 8 минут салып, солтүстікқазақстандықтар таразы басын теңестірді. Дегенмен, қуаныш көпке созылмады. Допты ойынға қосқан алтайлықтар бірден алға ұмтылып, жеңісті жұлып алды. Бұл – “Қызылжардың” қатарынан 4-ші жеңілісі. Қазір петропавлдық ұжым турнирлік кестеде 11-ші орында тұр. Ендігі матч мамырдың 23-і күні сырт алаңда “Ақтөбеге” қарсы өтеді.