Қазақстан жаңалықтары

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында мегаполистің негізгі көлік-логистикалық, энергетикалық, индустриялық және туристік нысандарын аралады

Нұрлыбек Нәлібаев әуежай, Алматы-1 вокзалы, ҮАААЖ, ЖЭО-2 және ЖЭО-3, тау кластері мен индустриялық аймақтағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын тексерді.
Ол әуежай мен вокзалдағы құрылыс қарқынын сынға алып, жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар Алматыны өңірлік транзиттік және туристік хабқа айналдыру, энергетикалық нысандарды жаңғырту,
Almaty Superski жобасын іске асыру және автомобиль өндірісін дамыту бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті.
https://primeminister.kz/news/nurlybek-nalibaev-almaty-kalasyndagy-kolik-logistikalyk-energetikalyk-industriialyk-zane-turistik-zobalarmen-tanysty-31387