Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда шетелдік мамандар саны артуда

Келетін контингенттің жыл сайынғы өсімі жарты миллиондық көрсеткішке таяды. Айырмашылық бір қарағанда аса көп еместей көрінеді. Дегенмен, елімізді жерсініп, тамыр жайып қалатын шетелдіктердің қатары жыл сайын ондаған мыңға көбейіп отырады.

Олар елімізде тек бір маусымға немесе қысқа мерзімді табыс табу үшін ғана қалмайды. Сарапшылар дәл осылай жинақталу процестері отандық еңбек нарығын біртіндеп өзгертіп, үйреншікті жұмыспен қамту құрылымын бұзатынын қауіп қыла ескертеді.

Миграциялық заңнаманың жиі бұзылуы да көңілге кірбің ұялатады. ІІМ мәліметінше, 2025 жылы 113 961 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бірақ тек 18 872-сі ғана елден шығарылыпты.
2024 жылы бұл көрсеткіштер төменірек еді: тиісінше 97 229-ы заң бұзды және 14 124 елден аласталды.
https://inbusiness.kz/kz/news/kazakstanda-sheteldik-mamandar-sany-artuda