Спорт

Әскерилер арасында қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир аяқталды

Петропавлда Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұланның жеке командалық чемпионаты аяқталды. Биыл дәстүрлі додада 70-ке жуық қатысушы 7 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Олар – офицерлер, сержанттар, сарбаздар және курсанттар. Жанкүйерлердің қызу қолдауынан қуат алған жігіттер аянбай күш сынасты. Әр жекпе-жек айызды қандырды. Жарыс барысында көпшілік күтпеген нәтижелер де тіркелді. Үздіктердің үздігі деп саналатын спортшылар қарсыластарына жол беріп жатты.

ЕСКЕНДІР ЖАЙЫҚБАЕВ, жеңімпаз:

— Жарыстың 4 дүркін чемпионын ұттым. Сенсация жасадым. Былтыр 2-ші орын алған едім.

СӘТЖАН ӘБІШЕВ, жарыстың бас төрешісі:

— Финалда Азия, Қазақстан чемпиондары жеңілді. Мықты жастар өсіп келе жатыр.

Ұлттық ұланның жеке командалық чемпионаты соңында жеңіс тұғырынан көрінгендер кубок, медаль және Азамат Нұрпейісовтің суреті бар чемпиондық белдік түріндегі марапатқа ие болды.