Қазақстан жаңалықтары

Ақтауда экологиялық талаптарға сай жаңа жағалау кешені салынады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағалауында бой көтеретін заманауи жағалау бойы құрылысының жобасымен танысты.
Ауқымды жоба өңірдің туристік әлеуетін арттырып, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруды көздейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа нысанның жалпы ұзындығы шамамен 4,5 шақырымды құрайды, ал жобаны іске асыру жұмыстары бес кезеңге бөлінген. Жобаны жүзеге асыруға бірнеше ұйым жұмылдырылған.
Атап айтқанда, тапсырыс беруші ретінде Ақтау қалалық құрылыс бөлімі белгіленген. Инвестор міндетін NCOC N.V. компаниясы атқаруда. Ал мердігер мекеме ретінде Нұрсат жұмыс жүргізіп жатыр. Мәліметке сәйкес, құрылыс жұмыстары 2026 жылдың сәуір айында басталған. Жобаны толықтай аяқтау 2029 жылдың қаңтарына жоспарланып отыр.

https://azattyq-ruhy.kz/news/108012-aktauda-ekologiialyk-talaptarga-sai-zhana-zhagalau-kesheni-salynady