Петропавлда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған шара барысында полиция басшылығы мен қызметкерлері жүгінген азаматтарға құқықтық кеңес берді. Көбіне мұндай жүздесулерде жылжымалы мүлікті қайта жабдықтау, көші-қон заңнамасы және әкімшілік айыппұлдар жайлы әңгіме өрбиді. Сонымен қатар, шенділер жолдағы өзгерістер туралы хабарлайды. Мысалы, бұл жолғы акция кезінде адамдарға облыс орталығы мен Бескөл ауылы арасын қайта қалыпқа келтіру бойынша айтып, тиісті талапты сақтауды сұрады.
АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
– Жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғындарын, қала қонақтарын іске түсіністікпен қарауға шақырамыз және жүргізушілерден жол ережесін сақтауды сұраймыз.
Жангельды Жамалиев