Қоғам

Сертке адал, сезімге берік: ерлі-зайыпты полицейлердің өмір жолы

Ерлі-зайыпты Аманжол мен Толқын Қошығалдиновтердің полиция қатарында еңбек етіп жүргеніне 20 жылға жуықтады. Қазіргі таңда олар екі қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр. Жарасымды жұп Мағжан Жұмабаев ауданында тұрады. Екеуі жұмыста жүріп танысқан. Сол сәттен бастап әріптес ретінде бір-біріне көмектесіп жүрген. “Достықтың арты қалай шынайы махаббатқа ұласқанын өзіміз де білмей қалдық дейді”, – отағасы.

АМАНЖОЛ ҚОШЫҒАЛДИНОВ, СҚО мамандандырылған күзет қызметінің полицейі:
– Келіншегіммен 2009 жылы таныстық. 4 жылдан кейін отау құрдық. Балаларға барынша көңіл бөлуге тырысамыз.

Ерлі-зайыпты қиындығы мол, асқан жауапкершілікті талап ететін қызметке қарамастан бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Жұмыстан кейін үнемі ұл-қыздарымен серуендейді, өткен күнді қорытындылайды. Сабақтарына баса назар аударады. Ерлі-зайыпты полицейлердің балалары спортқа жақын. Күреспен және гимнастикамен айналысқанды жақсы көреді. Тұңғыштары Аружан болашақта ата-анасының жолын қуғысы келеді екен.

АРУЖАН ҒАБДУЛАХАП:
– Әкем мен анамның жұмысы маған ұнайды. Кішкентай кезімнен олармен бірге жүремін. Маған барынша қолдау көрсетеді. Қазақ күресімен айналысамын. Каратеге де барғам. Қазіргі таңда бесасықты үйреніп жүрмін. Мен ата-анаммен мақтанамын.

Айта кету керек, қазіргі таңда облыстық полиция департаментінде 43 ерлі-зайыпты жұмыс істейді.

 

Нурасыл Ахмет