Петропавлда зауыт қызметкерінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Еске сала кетейік. облыс орталығындағы өндіріс орындарының бірінде қайғылы жағдай тіркелді. 60 жастағы ер адамның жұмыс орнында денсаулығы күрт нашарлап, ес-түссіз құлаған. Куәгерлер шұғыл көмек шақырғанымен, азамат медицина мамандары келгенше көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында еңбек инспекциясы тарапынан да арнайы жұмыс тобы құрылған.
АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:
– Аталған дерек бойынша арнайы комиссия құрылып, тексеру шараларына кірісті. Мамандар кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі нормаларының қаншалықты сақталғанын анықтайды. Сонымен қатар, марқұмның денсаулық жағдайы мен жұмыс кестесі жан-жақты зерделенбек. Қорытынды нәтиже бойынша кінәлі тараптардың жауапкершілігі қаралатын болады.
Жангельды Жамалиев